Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету және еңбек құқықтарының сақталуын бақылау – мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен тиімді жұмысының маңызды шарттарының бірі. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2025 жылдың қорытындысы бойынша тиісті талдау және мониторинг жұмыстарын жүргізді.Еңбек демалысы мен сауықтыру жәрдемақысы«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, әрбір мемлекеттік қызметшіге жыл сайын кемінде 30 күнтізбелік күн еңбек демалысы беріледі және екі лауазым...